11 ақпан 2014 13:11

Шенеуніктер тойға емес, театрға көптеп ақша салулары қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото inform.kz сайтынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото inform.kz сайтынан

Бүгінде облыстық театрларда бір спектакльге бөлінетін қаржының көлемі республикалық көрсеткіштен 10 есе төмен. Үкіметтің бүгінгі отырысында театр мәселесін көтерген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жергілікіті шенеуніктерді тойға емес, театрға көптеп ақша салуға үндеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде республикалық театрларда бір спектакльді сахналауға 2 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл Ресей театрлармен салыстырғанда, 10-15 есе аз. Ал облыстық театрдағы бір спектакльге бөлінетін қаражаттың көлемі республикалық деңгейден 10 есеге төмен. Мәселен, Арқалық қазақ драма театрында 6 қойылымға 2,6 млн. теңге, Жетісай театрында 4 қойылымға 1,1 млн. теңге, Павлодар облыстық қазақ театрында 6 қойылымға 1,4 млн. теңге, яғни бір спектакльге небәрі 275-293 мың теңге ғана жұмсалады. "Айтыңыздаршы, ондаған әртіс қатысып, оларға арнайы костюм тігілетін, бірнеше рет көрініс ауысып, көптеген декорациялар мен реквизиттер жасалатын спектакльді небәрі 2 мың долларға жетер-жетпес қаражатқа сахналауға бола ма?! Мен бұл сұрақтарға жауапты аймақтық театрлардың бюджетін қарастыратын облыс әкімдерінің қаржы және экономика жөніндегі орынбасарларына бағыттағым келеді. Тіпті, сол шенеуніктердің ара-тұра болатын той-томалағына қатысатын кейбір эстрада "жұлдызшаларына" бұдан әлдеқайда көп қаламақы берілетінін олар жақсы біледі. Ендеше, олар бүгінгі айтылған сыннан тиісті қорытынды шығарады деп білемін", - деп атап көрсетті министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети