Шерзат Болаттың өлімі: куәгер айғақтарынан бас тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі бүгін де жалғасты. Бұл жолы да Эльмира Нұрбекова жауап берді. Ол қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен "Қамажай" дүкенінің алдына келген. Қазір Нұрбекова іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылып отыр және бұған дейінгі берген жауаптарынан бас тартып, өз әрекетін шок жағдайымен түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі бүгін де жалғасты. Бұл жолы да Эльмира Нұрбекова жауап берді. Ол қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен "Қамажай" дүкенінің алдына келген. Қазір Нұрбекова іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылып отыр және бұған дейінгі берген жауаптарынан бас тартып, өз әрекетін шок жағдайымен түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысында адвокат Эльмира Нұрбековаға мынадай сұрақ қойды:

"5 қазан күні берген жауабыңызда Абзалдың пышақты қай жерге сұққанын дәл сипаттап бердіңіз. Мұны сіз қайдан білдіңіз? Мен сот материалдарын зерттегенде, сараптама қорытындысы қарашаның 11-і күні ғана шыққанын көрдім. Сол кезде ғана бұл мәлімет бізге белгілі болды. Ал сіз 5 қазанда нақты айтып бердіңіз. Сонда мұны біреу сізге айтты ма, әлде өзіңіз осылай жауап бердіңіз бе?" – деп сұрады адвокат.

Нұрбекова өз кезегінде ұсталған кезде екі күн бойы жүзден астам адамның алдында жауап беріп, шаршап-шатасқанын айтты.

"Бізді ұстаған кезде екі күн бойы ұйықтамай, тамақ ішпей жүрдік. Ішкі істер бөлімінде 100-ге тарта адам сұрақ қойды. Сол кезде олардың не сұрағанын да түсінбедім. Жауаптарымды орыс тілінде бердім, қазақша қалай аударғанына назар аудармадым. Үйге қайту үшін алдыма қойған қағаздарға қол қоя бердім", – деді Эльмира Нұрбекова.

Бірақ сол кезде жазылған видеоларда куәгердің жауаптары толықтай қазақ тілінде болған. Сот процесі қазір тікелей эфирде жалғасып жатыр. Сот отырысы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орындығында тоғыз адам бар, олардың бірі кәмелетке толмаған.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу, іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer