Шерзат ісі бойынша айыпталушы сотта жалған айтқанын мойындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Сотта Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша 16 мамырда айыпталушылардан жауап алу жалғасты. Прокурордың сұрақтарына Азамат Тоқтаубаев жауап берді. Ол неге кісі өлтірілген түні үйқамақта бола тұра көшеде, жанжалдың дәл ортасында жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сотта Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша 16 мамырда айыпталушылардан жауап алу жалғасты. Прокурордың сұрақтарына Азамат Тоқтаубаев жауап берді. Ол неге кісі өлтірілген түні үйқамақта бола тұра көшеде, жанжалдың дәл ортасында жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында прокурор айыпталушыдан оның қандай бап бойынша үйқамаққа алынғанын айтуын сұрады. Алайда ол бұл сұраққа жауап беруден бас тартты, себебі бұл сұрақ қаралып жатқан іске қатысы жоқ екенін айтты.

Судья айыпталушыны қолдады. Дегенмен Тоқтаубаев адам өлген түні үйден неге шыққанын түсіндірді.

"2023 жылдың желтоқсанында мен бір іс бойынша күдікті ретінде танылдым, соттың санкциясымен екі айға УҰИ-ға қамалдым. Кейін заңгерім бұл санкцияны "үйқамаққа" өзгертуге қолжеткізді. Жәбірленуші де менің бұл іске қатысым жоқ екенін айтқан. Жаз бойы үйқамақта болып, белгіленіп отырдым", – деді Тоқтаубаев.

"Яғни, түнгі 10-нан кейін үйде болуыңыз керек екенін, көңіл көтеретін орындарға бармауыңыз қажет екенін білдіңіз бе?" – деп нақтылады айыптау тарапы.

"Менің әрекетімді заңбұзушылық деп санауыңызға болады. Себебі мен үйқамақ режимін бұзбауым керек еді. Бірақ сол түні балам ауырып қалды, сондықтан түнде үйден шығуыма тура келді", – деп жауап берді айыпталушы.

Айта кетейік, Шерзаттың өлімінен кейін Азамат Тоқтаубаев жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

"Бұл – резонансқа байланысты. 2024 жылдың 17 қазанында сол іс бойынша үкім шықты. Халық наразылық білдірген соң, Талғар аудандық соты мені осы іске қатысы бар деп, жәбірленушілер мен куәгерлердің сөзін ескермей, ең төменгі жаза тағайындады. Қазір мен Жоғарғы сотқа шағым түсірдім. Бұл істі де жеңіп шығамын, ақталамын", – деді Азамат Тоқтаубаев сотта.

Сондай-ақ жауап алу барысында Тоқтаубаев тергеу кезінде тағы бір күдікті – Дархан Әскентайға қатысты жалған жауап бергенін мойындады.

Прокурор оған тергеу кезінде Әскентайдың біреуге қол көтергенін көргенін айтқанын еске салды.

"Мен ол сөзімді растамаймын. Ол кезде мен Дарханға ренжулі болдым, сондықтан солай айттым. Ол ешкімге қол көтерген жоқ, қолында қару да болмады. Сол сөзім үшін өкінемін. Дарханның біреуді ұрғанын көрмедім. Бастапқы көрсетпелерімде жалған айттым", – деді ол.

"Яғни, сіз Дарханға жала жаптыңыз ба?" – деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы.

"Жоқ, мен ешкімге жала жаппадым", – деді айыпталушы.

Еске салайық, кеше, 15 мамырда, сотта айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берген болатын. Жауап алу барысында ол адвокат қойған "хуторлықтар" деген топтың расында бар-жоғы туралы сұраққа жауап берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer