Шерзат ісі: сотта басты айыпталушының видеосы көрсетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Шерзат Болаттың (Полат) өліміне күдікті Абзал Шынасылдың оқиға болған жерде түсірілген видеосы көрсетілді. Бұл видео жасөспірім қаза тапқаннан кейінгі келесі күні – 2024 жылдың 4 қазанында кешкі уақытта түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шерзат Болаттың (Полат) өліміне күдікті Абзал Шынасылдың оқиға болған жерде түсірілген видеосы көрсетілді. Бұл видео жасөспірім қаза тапқаннан кейінгі келесі күні – 2024 жылдың 4 қазанында кешкі уақытта түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеушілер күдікті Шынасылды "Қамажай" дүкенінің жанындағы оқиға орнына тергеу әрекеттері үшін алып барған. Онда Шынасыл оқиға қалай болғанын айтып береді. Оның айтуынша, өзі келгенде төбелес болып жатқан.

"Мен ұрдым (Нұрғанат Ғайыпбаевты – еск.), ол көлікке қарай жүгірді. Мылтық алып шықта да аспанға қарай бір рет атты. Сосын екінші оқты салды. Оны аспанға ма әлде жерге қарай ма атты. Сосын үшінші оқты салды. Сосын біздің балалардың біреуі келді де, мылтықтың басын бұрап, алып алды. Олар былай қарай қашты. Екі бала жүгірді, біреуі сол жерде құлады. Қара сақалды бала оның басын ұстап, "скорая" деп айғайлады. Сол жерге келіп, сақалды баланы тептім және ұрдым. Сосын төбелес болып кетті", – дейді Абзал Шынасыл оқиға орнында.

Айта кетейік, 2024 жылдың 4 қазанындағы алғашқы айғақтарда Шынасыл тек Нұрғанатты пышақпен жаралағанын айтқан. Видеода ол Шерзатқа пышақпен соққы жасағаны туралы айтпайды.

"Осы жерге құлады. Құлаған кезде төс қалтадан пышақты алдым да, ұшынан ұстап, жамбасына үш рет тықтым. Сосын "кеттік, кеттік" дегенде машинаға отырып кеттік", – дейді видеода Абзал Шынасыл.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Сондай-ақ, ол видео барысында оқиғаға қатысы бар адамдардың ешқайсында пышақ көрмегенін айтады.

Алайда кейінірек Абзал Шынасыл Шерзат Болатты өлтіргенін мойындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer