23 наурыз 2020 17:42

Шетелде қанша қазақстандық бар? Министр жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алихан Сариев Фото: Алихан Сариев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шетелде 60 қазақстандық бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шетелде 60 қазақстандық бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ведомство басшысы Қазақстанға 6 мың турист оралғанын атап өтті.

"Бүгін елге 145 азамат оралады деп жоспарланып отыр. Шетелде шамамен 60 азамат қалып қойды. Олар әртүрлі себепке байланысты біздің көмегімізді алған жоқ. Бұл азаматтарға қатысты жеке жұмыс жүргізіледі", - деді Абаев министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, кейбір туристер елге туристік жолдаманың уақытын біткен соң ғана қайтқысы келген.

"Бұл жауапкершіліктің жоқ екенін көрсетеді деп ойлаймыз", - дейді министр.

Осыған дейін министр қазақстандықтарды дүрбелең туғызбауға шақырған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 62-ге жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети