1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шетелдік көлік иелері митинг өткізетінін айтты 17 қаңтар 2020, 09:08

Оралда жүргізушілер әкімдіктегілерге митинг өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Оралда жүргізушілер әкімдіктегілерге митинг өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам белсендісі Асқар Шайғұмаровтың YouTube каналында Оралда армян, қырғыз және ресейлік нөмірі бар көліктерге қойылған шектеумен келіспейтін бір топ азаматтың әкімдікке келіп, митинг өткізгісі келгені айтылады.

Видеодағы ер адамдардың бірі 25-26 қаңтарда митинг өткізетінін айтады.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек?

Ақтау тұрғындары да 19 қаңтарда митинг өткізетіндерін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары Ақтөбеде де бір топ жүргізушінің қаладағы сауда орталықтарының бірінде жиналғанын жазып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета "Актобе Таймс" (@aktobe_times)

Еске салайық, осыған дейін ІІМ қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасады. ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеуге шақырған болатын. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік құралы жеткізілген.