Шетелдік сарапшылар қызғалдақты Жамбыл облысының бренді деп атады: өңірде ғылыми конференция өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Таразда "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда Германия, Украина, Қырғызстан және Нидерланды сарапшылары сөз сөйледі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таразда "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда Германия, Украина, Қырғызстан және Нидерланды сарапшылары сөз сөйледі.

"HBM" (Нидерланды) компаниясының менеджері Пична Марсели қызғалдақты Жамбыл облысының туристік бренді деп санауға болады деп есептейді.

"Аталған конференцияны өткізу Қазақстанның, атап айтқанда Жамбыл өңірінің туризм саласында үлкен әлеуетке ие екендігін көрсетеді, – деп атап өтті ол. – Көптеген адамдар қызғалдақтың қайдан шыққанын және осы теңдессіз гүлдің тарихын біле бермейді. Түрлі нұсқалар бар, бірақ оның шығу тарихында Жамбыл жері басты рөл атқаратыны сөзсіз. Мұны табиғи жағдайлар да, ғылыми зерттеулер де растайды. Ең бастысы, бұл табиғи байлықты сақтап, мәдени-туристік жобаларға сауатты түрде енгізу – өте маңызды".

Кассель университетінің (Германия) профессоры Эрих Хельмут Фрайтаг конференцияның нәтижелі халықаралық диалог пен озық тәжірибе алмасу алаңына айналғанын атап өтті.

В.Н. Каразин атындағы Харьков мемлекеттік университеті (Украина) ботаникалық бақ директорының орынбасары Александр Алехин оқу ордасының базасында Жамбыл облысының қызғалдақтарын зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты Алмагүл Кендірбаева жабайы қызғалдақтарды қорғау бойынша тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды. Ол табиғи популяциялардың осалдығына және оларды қорғауға халықаралық көзқарастың қажеттілігіне назар аударды.

"Жамбыл облысын қызғалдақтардың отаны деуге толық негіз бар. Сарапшылар мен табиғат жанашырлары үшін 21 ғасырда Жамбыл облысында қызғалдақ гүлін тамашалау сирек кездесетін және құнды мүмкіндік. Қызғалдақ гүлін қорғаудағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!" – деді ол.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінің төрағасы Саида Нығматова, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Татьяна Пирогова, "Жабағылы-Манас" Тау клубы ҚБ төрағасы Елена Ефимова, "Жабағылы-Манас" Тау клубы ҚБ жобаларының үйлестірушісі Рауф Сәбитов сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Tengrinews
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer