20 ақпан 2014 15:36

Шиелілік кәсіпкер құр құсынан пайда тауып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

үй құстары үй құстары

Қызылорда облысы, Шиелі кентінің тұрғыны Қайрат Үрманов жабайы құр құсын қолға үйретіп, одан біршама пайда тауып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кәсіпкердің айтуынша, оның бұл кәсіппен айналысқанына біршама жылдың жүзі болған. Алғашқыда құр құсын қолға үйрету қиынға соғыпты. Өйткені, бұл құс негізінен далалық аймақтарда өмір сүреді. Тауықтәрізділер отрядына жатады. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Қазақстанда Жайық өзені мен Ертіске дейінгі орманды алқаптарды мекендейді. Аналығы 4-12 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқасы мен етінің адам денсаулығына пайдасы зор. Сондықтан Қайрат Үрмановтан аталмыш қажеттіліктерді сатып алушылар саны аз емес. Салмағы 1,2-1,8 келінің шамасында болады. Шиелілік кәсіпкердің ауласында құрдан басқа түйетауық, бөдене мен үйрек секілді үй құстары бар. Ол басқа да құстарды өсіріп көруді ойластырып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети