Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымы депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Ізмұхамбетов Мәжіліс депутаты атануына байланысты аймақ басшысы қызметінен кетеді.

24 наурызда Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы бекітілді. Дауыс беру нәтижесіне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутат; Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат мандатқа ие болды. "Нұр Отан" партиясы ұсынған тізімде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те бар.
Мәжілісмен атанған шенеуніктердің қатарында ҚР ауылшаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров ("Нұр Отан"), ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко да бар. Айта кетейік, олардың орнына кімнің тағайындалатыны әзірше белгісіз.