25 маусым 2020 20:01

ШҚО-да 13 жастағы қыз суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: business-class.su Фото: business-class.su

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 13 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аltaynews.kz порталына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 13 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аltaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, жасөспірім жасанды суға толы шұңқырға батып кеткен.

"2007 және 2008 жылдары туған қыздардың суға батып бара жатқанын 3 жасөспірім көріп, көмектесуге асыққан. Олар жедел жәрдем, полиция, құтқарушыларға хабарласып үлгерген. 12 жастағы қыз судан бірден шығарылды. Ал 13 жастағы қызды судан шығарылғанымен ол ес-түссіз болған. Жедел жәрдем қызметі қызды ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің өмірін аман сақтап қала алмады", - дейді облыстық төтенше жағдай департаменті

Айта кетейік, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында 5 бала суға кеткен. Осы жылдың 5 айында өңірде 2 бала суға кетіп, мерт болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети