01 сәуір 2018 17:59

ШҚО-да Бұқтырма өзені тасып жатыр - тікұшақта түсірілген видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырянов ауданында Бұқтырма өзеніндегі мұзды бақылау үшін үш тікұшақ аймақты ұшып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысындағы Зырянов ауданында Бұқтырма өзеніндегі мұзды бақылау үшін үш тікұшақ аймақты ұшып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзен аңғарларын ашу бойынша жағдайды нақты бақылау үшін тікұшақтардың бірінің бортында ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен облыстық департаменттің басшысы отырды. Құрамында жару жұмыстары бойынша мамандар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар жұмыс тобы кептеліс болуы мүмкін, осал аймақтарды көктен анықтап жүр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Айта кетейік, ТЖК мәліметінше, облыс бойынша су тасқыны салдарын жою жұмыстарына шамамен 1000 адам жұмылдырылды. Олардың көпшілігі - ҚР ІІМ ТЖК түрлі бөлімшелерінің қызметкерлері. Жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық ұланның және полиция қызметінің өкілдері де көмектесіп жатыр. Жұмыстарға 183 техника, 90-нан аса су сорғыш құрал, 9 қайық жұмылдырылды.

Су сору жұмыстарының негізгілері Семей қаласында жүргізілді. 246 үйден су сорылды, сонымен қатар, Зыряновск ауданындағы Тұрғысын ауылында 11 үйден, Қатонқарағай ауданындағы Барлық ауылында 2 үйден және Шемонаиха ауданындағы Рулиха ауылында 4 үйден су сорылды.

Кеше Зыряновск ауданындағы жағдай күрделене түсті. Құтқарушылар 400-ден аса адамды эвакуациялады. Зыряновск ауданындағы әкімшілік орталықта 105 тұрғын үй су астында қалды, 200-ден аса адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар, Көкпекті ауданында қардың еруі мен жаңбырдың салдарынан Самарское және Пантелеймоновка ауылдарының маңындағы Лайлинское және Карповка су қоймалары таулы аймақтан келген қызыл суға толды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети