24 шілде 2021 15:15

ШҚО-да карантин қатаңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

ШҚО бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, оған сәйкес облыс нысандарының жұмысы "қызыл" аймаққа сәйкес белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, оған сәйкес облыс нысандарының жұмысы "қызыл" аймаққа сәйкес белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік нысандардың: автожуу, ТҚС, ЖҚС, ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техника, телефондарды жөндеу, химиялық тазалау, гүл дүкендері, фотосалондар және басқалардың жұмысына рұқсат етілді.

Халыққа қызмет көрсету бойынша абоненттік бөлімдер, тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жер астында жайғастыру және т. б.) қоспағанда, туристік компаниялар, бизнес-орталықтарға (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері) жұмыс істеуге рұқсат бар. 

Стоматологиялық медициналық орталықтар алдын ала жазылу бойынша ашық.

Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары да күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді. 

Балалар түзету кабинеттері, секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта жұмысына рұқсат етілген. Топтарда бір адамға 4 шаршы метр есебімен, 15 баладан (ересектерден) аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша.

Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарларында толымдық 30 пайыздан аспауы тиіс, сенбі және жексенбі күндері қызметіне тыйым салынады. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маска тағу режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады. Ashyq жобасына қатысатын объектілерге жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. 

Қаулы 27 шілдеден бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети