15 қараша 2019 17:28

ШҚО-да полиция бөлімінің басшысы пара ретінде балық алған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ерекше парамен ұсталған шенеуніктерге қатысты қылмыстық істерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ерекше парамен ұсталған шенеуніктерге қатысты қылмыстық істерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрлі деректер тіркелді, мысалы, параны балықпен алған. Оқиға ШҚО-да болды. Бірақ бұл қызыл балық емес. Бұл үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің басшысына 450 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол мыс сымдарын ұрлаған қылмыскерді жауапкершілікке тартпауы үшін пара алған. Балықтардың бағасы 50 мың теңге", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, пара ретінде құны 100 мың теңге болатын гүл қоятын ыдыс берген адам болған екен.

"200 мың теңгеден қымбат тұратын өсімдіктерге тыңайтқыш алған дерек бар. Оқиға 2017 жылы болған, оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай параны Ақсай ауылдық округінің әкімі жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беруі үшін алған", - деді Данияр Биғайдаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети