01 қараша 2018 10:25

ШҚО-да "Сыбаға" бағдарламасының қолдауымен ет шаруашылығы дамып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да "Сыбаға" бағдарламасының қолдауымен ет шаруашылығы дамып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да "Сыбаға" бағдарламасының қолдауымен ет шаруашылығы дамып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Қарабұлақ ауылы табиғаты әсем аймақтардың бірі.

Сиявуш Дүсіпов тап осы Қарабұлақта дүниеге келген. Өскемендегі ҚР Қарулы күштері қатарында қызмет еткен ол капитан деңгейіне жетіп, 2013 жылы жұмысынан өз еркімен кетті. Бұған әкесінің туған өлкесі Қарабұлаққа оралу туралы кеңесі себеп болған еді.

"Нұрали" шаруа қожалығы нөлден басталды. Алдымен егін шаруашылығын қолға алды. Бүгінде 500 гектардан аса егін алқабы бар, 10 жұмысшы еңбек етіп жатыр.

Жас фермердің негізгі мақсаты - мал шаруашылығын дамытып, тұқымды мал басын көбейту. Бұл идеяны Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мақұлдап, ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несиелік қаржы берді.

"Сыбаға" бағдарламасының аясында мен 34 миллион теңге алып, РФ Алтай аймағынан герефорд тұқымынан 50 бас ірі қара сатып алдым. Малдың бұл тұқымы етті көп береді, бір жастағы бұқалардың тірі салмағы 300 келіге дейін жетеді. Аталған тұқымдағы ірі-қаралар біздің климаттық жағдайымызға бейімделген. Малдың жем-шөбін өзіміз дайындаймыз. Егер алға қойған мақсат пен еңбек ұштасса, бизнесімнің гүлдене түсеріне сенемін", - дейді Сиявуш Дүсіпов.

Тұқымды сиырдан алған төлдер Көкпекті ауданындағы мал бордақылау алаңдарына жөнелтіледі. Бүгінде аймақта жұмыс істейтін шаруашылықтар өндірген мал етін бордақылау орындары мен ірі зауыттар арқылы Ресей, Өзбекстан және Қытайға жеткізуде.

Күршім ауданы әкімінің орынбасары Разия Үмітбаеваның айтуынша, бұл аймақ мал өсіруге қолайлы. Мұнда мал шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Ал "Сыбаға" бағдарламасы шаруа қожалықтарына үлкен қаржылай көмек көрсетуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында еңбек өнімділігі мен ауылшаруашылық өнімдерді экспортқа шығару көлемін кем дегенде 2,5 есе арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. 2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша, Қазақстан тұқымды мал басын 900 мыңнан асыруды көздеп отыр. 

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры "Сыбаға" бағдарламасы бойынша жобаларды 70 миллион теңгеге дейін несиелейді. Несиелеу мерзімі - 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі - жылына 4 пайыз, сыйақының тиімді мөлшерлемесі жылына 4,7 пайыздан аспайды, жеңілдетілген мерзім 2,5 жылға дейін бекітілген. Бүгінге дейін облыстық филиал 2760 асыл тұқымды ірі-қара сатып алуға байланысты 40 жобаны қаржыландырды", - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры" АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Данияр Үсіпбеков.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети