01 тамыз 2019 09:18

ШҚО-да тасқыннан үйлері қираған тұрғындар әлі баспанасыз жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © КТК Видеодан алынған кадр. © КТК

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан үйлері қираған жұрт әлі баспанасыз жүр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Шығыс Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан үйлері қираған жұрт әлі баспанасыз жүр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында көктемгі тасқыннан зардап шеккен жұрт наразылық білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, төрт айдан бері көк тиын да көмек алмаған. 

Тасқын биыл наурыз айының аяғында болған еді. Көтерілген жерасты суы төңірегіндегі үйлерді түгелдей басып қалған болатын. Содан бері қанша ай өтсе де топан су шайған баспаналары әлі қалпына келтірілмеген. Қазіргі уақытта керсінше дым тартқан қабырғалар қақырап, саман үйлер құлағалы тұр. Әйтсе де, жұрт жаз ортасы болса да көк тиын көмек алмадық дейді.

"Сондықтан үкіметке айтарым, халыққа жаны ашитын азаматтар болса, көмектессін. Халықты жылатпасын. Бастықтар өз білгендерін істейді. Ондай жағдай болмасын. Не істесе де, елі үшін істеуі керек", - дейді тұрғындардың бірі Қабдолла Дәуітбаев.

Бүгінде теңтіреп қалған қараша арнайы комиссияның шешіміне де риза емес. Үй иелерінің айтуынша, үйлерді тым арзанға бағалаған. Оның үстіне жиһаздар мен тұрмыстық техникалар мүлдем есепке алынбады деп өкпелі.

Ашынған тұрғындар аудандық билік су шайған 60-тан аса баспананың басым бөлігін жасырып қалғанын айтады. Тек шенеуніктер төтенше жағдай жарияламас үшін қираған 16 үйді ғана тізімге алған көрінеді. Ал олардың иелеріне жалдамалы пәтерге қоныстануды ұсыныпты

Дегенмен жергілікті билік заң шеңберінде қолдан келген көмекті көрсетіп жатқандарын айтып ақталды. Ал қираған қора-қопсыларға өтемақы төлеу заңға қайшы. Сондықтан олар бірінші кезекте су кірген баспаналарды ғана есепке алғандарын жеткізді. Ал бағалаушыларды жұрт өздері тауып, шақырған көрінеді.

"Бірінші жолы ол кісілер бағалаушыларды өздері шақыртты. Екінші жолы үкіметтен ақша бөлініп біз шақырдық. Олар бәрін тексерді. Ешқандай кемшілік таппады. Ақшаны да төмендеткен жоқ. Сол бағаны дұрыс деп тапты", - дейді Бесқарағай аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұржан Ағыбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети