13 мамыр 2021 10:18

ШҚО станцияларында 13 мамырдан бастап шектеулер енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Өскемен және Ново-Өскемен станцияларында "Алматы-Өскемен" пойызының жолаушыларын отырғызу-түсіруге уақытша тыйым салынды. Шектеу 13 мамырдан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ШҚО бойынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылы 13 мамырда сағат 00.00-ден бастап жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен станциялары бойынша "Алматы-Өскемен" бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынды", - делінген хабарламада. 

Жолаушылар теміржол билеттерін қайтарып, ақшасын толық көлемде ала алады. Пойыздардың жүру тәртібі туралы барлық ақпаратты "105" анықтама нөмірі арқылы білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирустың таралуы кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети