1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шілдеде қайтыс болғандар саны 2,3 есеге артты - Статистика комитеті17 қыркүйек 2020, 18:04

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

2020 жылдың шілдесінде Қазақстанда 28 мыңнан аса адам қайтыс болған. Бұл 2019 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,27 есе көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметтері бойынша, шілдеде Қазақстанда 28 178 адам қайтыс болған. Бұл жыл басынан бері қайтыс болғандар ішінде ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін алсақ, биыл қаңтарда 11 867 адам, ақпанда 10 842, наурызда 8 511, сәуірде 4 441 адам көз жұмған. Кейін өлім саны арта бастады - мамырда 14 358, маусымда 14 949 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, шілдеде коронавирус құрбандарының саны да көп болды - 30 маусым мен 2 тамыз аралығында Қазақстанда COVID-19-дан 870 өлім тіркелді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіште коронавируспен ілеспелі ауру болған өлімді, сондай-ақ теріс ПТР анализі мен коронавирус белгілері бар пневмониядан болған өлім есепке алынбайды.

2020 жылы шілдеде өлімнің көп бөлігі Түркістан облысында тіркелді - бір айда 2 928 адам көз жұмған. Антирейтингте екінші орында Алматы тұр - 2 546 өлім, Қарағанды​облысы (2482 өлім) мен Алматы облысы (2428) да жоғары орындарда.

Маңғыстау (900) және Солтүстік Қазақстан (966) облыстарында адам өлімі ең аз тіркелген. 

Комитет мәліметінше, шілдеде ауыл тұрғындарынан (10 611) гөрі қалалықтар (17 567) көп қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!