Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шілденің ең ыстық күндері қай өңірде болады

15 Шілде 2015, 16:43
0
© lada.kz
© lada.kz

Синоптиктер шілденің ең ыстық күндерінің қай өңірде болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Метеорологтар 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте ең жоғары ауа температурасы оңтүстік пен шығыста сақталады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 33-тен 44 градусқа дейін көтеріледі.

"Тек солтүстік пен орталықта Еуропалық Ресейдің солтүстік-батысынан ығысқан атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кейбір жерлерде өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Сенбіге қарай күндізгі температура 23-32 градус болады. Ал Қазақстанның батысының кейбір жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және ұйтқыма жел тұрады. Сонымен қатар, ауа температурасы осы мерзімге арналған климаттық нормадан 1-3 градусқа төмен болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктердің хабарлауынша, 18 шілдеге дейін Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус, 20 шілдеге дейін Алматы облысының кей жерлерінде 40-43 градус, 17 шілдеге дейін Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус және 20 шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай