Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен" экспедициясы Қырғызстанға жетті

05 Тамыз 2014, 11:31
0
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко

Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш ағартушылардың бірі Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған "Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен" атты ғылыми-танымдық экспедиция қазақ-қытай шекарасын кесіп өтті, - деп хабарлайды Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының жобасына қатысып жатқан Tengrinews.kz тілшісі.

4 тамыз күні экспедиция мүшелері Қытай Халық Республикасынан Уәлихановтың еңбектерінде айтылатын Тороғат өткелі арқылы Қырғызстанға өтті. Шоқан да өзінің әйгілі сапары барысында Қашғардан шығып, осы жолдар арқылы жүрген. 

Қырғызстанға апаратын Қытай аумағындағы жол

"Уәлиханов шекараны кесіп өткенде, ақша жинау, қарақшылық, бопсалау сияқты жайттар кездесетінін жазды. Ал бізде жағдай сәл басқаша болды. Қатаң кедендік және шекаралық ережелерге байланысты және қағазбастылықтың салдарынан Қытаймен арадағы шекарада 7 сағаттан астам уақыт тұрдық. Қашғардан таңғы 6-да шыққан біз кешкі бесте Қырғызстанда болдық", - деп әңгімеледі Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының қызметкері Әсел Байбақышева.

Қытай шекарасы

Қырғызстанда қазақстандықтар Таш-Рабат көне керуен-сарайын аралап көруді жоспарлап отыр. Бұл - Уәлиханов еңбектерінде жан-жақты сипатталатын жалғыз ғимарат және ол бүгінге дейін жақсы сақталған. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай