18 қараша 2021 | 17:21

Шортандыдағы жарылыс: ТЖМ басшысы қайғылы оқиғаның себебін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны неге жарылғанын айтты. Қайғылы оқиғадан үш адам, оның ішінде бала қаза тауып, тағы он адам зардап шеккен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны неге жарылғанын айтты. Қайғылы оқиғадан үш адам, оның ішінде бала қаза тауып, тағы он адам зардап шеккен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәл осы үйге өрт шыққанға дейін 8 қарашада біздің қызметкерлер барған. Нұсқаулық өткізді, жадынама беріп, датчиктер қойды. (...) Қазір тергеу жүріп жатыр. Бірақ, ең алдымен, газ баллон суық дәлізден әкелініп, ішке, жылыту пешінің қасына қойылған, осы себеп болды. Осы газ баллоны қайда толтырылатынын тергеу органы анықтайды", - деп Ильин Сенат отырысынан кейін қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды. Кейін Шортандыдағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети