19 ақпан 2019 17:25

Шудағы пойыз апаты: Жамбыл облысында үш адам сот алдына келді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: куәгер © фото: куәгер

Жамбыл облысы Шу ауданында пойыздың апатқа ұшырауына байланысты сот ісі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі.


Жамбыл облысы Шу ауданында пойыздың апатқа ұшырауына байланысты сот ісі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі.

Үш айыпталушыға қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін немесе теміржол көлігін пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін деген айып тағылған (ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі).

"Айыпталушылардың біреуі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның Шу аралығы директорының орынбасары, екіншісі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның екінші өндіріс аймағының басшысы. Сотталышулардың үшіншісі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның екінші өндіріс аймағы басшысының орынбасары", - деді Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

2018 жылы 18 маусымда Жамбыл облысының Шу ауданында Астана - Алматы бағытындағы № 9 "Байтерек"  пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Алты вагон аударылып қалған. Сол кезде сегіз адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты. Ол отбасымен бірге Ыстық көлге демалуға бара жатқан. 

Пойыз апатынан қаза болған жасөспірімнің ата-анасы: "Бір сәтте аударылып кетті"

Еске салайық, Жеңіс Қасымбек вагондардың не себепті құлағанын айтқан. Ол теміржолдың сапасын сынға алды.

"Қарсы беттегі пойызбен соғысты деген мәлімет жалған. Көктем де жасалған жөндеуден кейін жолдың күйі мен жөндеудің сапасы төмен болған. Теміржол күнделікті тексеріліп және күтілуі тиіс еді", - деді Жеңіс Қасымбек

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети