07 ақпан 2019 17:36

Шүкеев ет пен жұмыртқа экспортын көбейтуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев қазақстандық ет пен тауық жұмыртқасын экспорттауды көбейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев қазақстандық ет пен тауық жұмыртқасын экспорттауды көбейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл экспорттың жалпы көлемі - 33 мың тонна, келесі жылы 40 мыңнан асып түсуіміз мүмкін. Біз 60 мың тоннаға жақындауымыз керек, себебі әлеуеті жоғары. Көрдіңіз бе, қазір қой етін тасымалдау ашылып жатыр (...). Менің ойымша, біз қарапайымдылыққа салмауымыз керек. 60 мың - бұл сан біз үшін принцип болып келеді", - деді Шөкеев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

"Жұмыртқа дегеніміз - шын мәнінде қарапайым ақуыз. Сондықтан да біз бұған назар аударуымыз керек, барлық сала бойынша қарау керек. Немен көмектесу қажет? Сіз бізге шара қолданамыз деп айтасыз", - деді ауыл шаруашылығы министрі.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниевтің айтуынша, құс шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық бағдарлама аясында 2018 жылы 5,6 миллиард тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

"Алғаш рет 602 миллион дана экспортталды - 2017 жылмен салыстырғанда екі есе артық. Сондай-ақ, 190 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2017 жылмен салыстырған 6,3 пайызға артық", - деді Евниев.

Осылайша, Шүкеев 2019 жылы тауық жұмыртқасының экспортын миллиард данаға жеткізуді, оның ішінде Қытайға экспорт мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, ведомство басшысы ет экспортына назар аударды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети