20 наурыз 2018 15:02

"Шымбұлақта" жұмыс істейтін бір аяғы жоқ құтқарушы жігітке көмек қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/help_alexey © Instagram.com/help_alexey

"Шымбұлақта" бір аяғы жоқ құтқарушы Алексей Ретивыхқа көмек көрсету мақсатында белсенді жастар тобы Алматыда "ТәттіFest" кондитерлік қайырымдылық көрмесін өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


"Шымбұлақта" бір аяғы жоқ құтқарушы Алексей Ретивыхқа көмек көрсету мақсатында белсенді жастар тобы Алматыда "ТәттіFest" кондитерлік қайырымдылық көрмесін өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Көктемнің керемет мейрамын қызықты етіп өткізгіңіз келсе, бізбен бірге болыңыз. @mezunion командасы сіздерді "ТәттіFest" қайырымдылық көрмесіне шақырады. Ең сүйікті қаламыз Алматының кондитерлері ұсынған тәттілерде ауыз тиіп, түрлі ойындарға қатысып, сыйлықтар ұтып алуға болады", - делінген қайырымдылық көрмесін ұйымдастырушылардың Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Осы шара 24 наурызда сағат 15.00 - 19.00 аралығында Алматы қаласында өтеді. Кіру тегін. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат Алексей Ретивыхқа көмек ретінде беріледі. 

Олар 29 жастағы Алексей Ретивыхқа Оңтүстік Кореяда ота (ангиопластика, қан тамырларын ауыстыру) жасауы үшін қаражат жинап жатыр. Қазіргі уақытта қажетті соман жартысы жиналған. 1996 жылы ол қайғылы жағдайдың салдарынан сол аяғынан айырылған. Жасы небәрі 11-де болған. Бір жарым жыл бойы ауруханада жатып, қайтадан жетінші сыныпқа барған.

"Психологиялық тұрғыдан ауыр болды, алайда барлық қиындыққа төтеп беру керек", - дейді Алексей.

Ол бала кездегі арманы шаңғы тебуді бірнеше жыл бұрын іске асырып, қазіргі уақытта "Шымбұлақ" курортында құтқарушы болып қызмет етеді. 

Лыжник без ноги работает спасателем на "Шымбулаке"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети