26 наурыз 2021 09:39

"Шымбұлақта" шыршалар кесілді деген ақпарат: әкімдік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Facebook / Салтанат Ташимова Фото: Facebook / Салтанат Ташимова

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында фристайл жарыстарын өткізу үшін бір бөктердегі барлық шырша кесілгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Жасыл экономика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында фристайл жарыстарын өткізу үшін бір бөктердегі барлық шырша кесілгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Жасыл экономика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 наурызда алматылық белсенді Facebook-парақшасында осындай ақпарат таратып, оның суретін де жариялаған.

"Таяуда фристайл жарыстарын өткізу үшін шыршаларды кесіп тастағандарын білдім. Шымбұлақта. Мұны білесіздер ме? Қазір тасжол маңында шыршалар жатыр... Кейін олардың бұрын кесілмеген қалдықтарын  бульдозермен кесіп өтеді. Кесілген ағаштарды еш жерде көрінбейтін баурайға апарып тастаған. Құрылысшылар жол шетіне биік шыршаларды тастап, үстіне қар лақтырған. Ал биіктігі ұлғая берген. Сөйтіп бүтін бір төбе болып шықты. Бәрі бізде әдеттегідей...", - деп жазды Салтанат Ташимова Facebook желісіндегі парақшасында. 


Фото: Facebook / Салтанат Ташимова

Жасыл экономика басқармасы баспасөз қызметінің жауабына сүйенсек, "Медеу" паркі бұл беткейде ағаштарды кесу бойынша жұмыс жүргізбеген, өйткені бұған дейін сол жерде жасыл желектер өспеген.

"Бұл бөктер кеңес кезеңінде акробатика жаттығуларына қолданылғанын айта кетейік", - деді Жасыл экономика департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети