10 қаңтар 2024 10:01

"Шымбұлақтың" ең биік нүктесінде өртенген ғимарат неге әлі қалпына келтірілмеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

"Шымбұлақтың" ең биік нүктесінде өртенген ғимараттың неге әлі қалпына келтірілмегені белгілі болды. Бұл туралы демалыс орнының директоры Ринат Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Шымбұлақтың" ең биік нүктесінде өртенген ғимараттың неге әлі қалпына келтірілмегені белгілі болды. Бұл туралы демалыс орнының директоры Ринат Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 3200 метр биіктіктегі Комби-2 станциясы осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың қаңтарында өртеніп кеткен.

Әбдірахмановтың айтуынша, жаңа ғимарат жобасы қазірдің өзінде дайын, бірақ оны қала әкімшілігімен бекіту үшін біраз уақыт қажет.

Tengrinews.kz архивінен

"Жобаны әзірледік, қазақстандық сәулет бюролары арасында конкурс өткіздік және жалпы эскиз жобасын ғана емес, жұмыс жобасын да дайындадық. Жазда бастауға дайын болдық, бірақ әлі күнге дейін сәулет және ҚҚББ үйлестіру процедурасынан өтіп жатырмыз. Қала тарапынан коммуникациялар, сумен жабдықтау сияқты белгілі бір техникалық мәселелер бар. Өртенген ғимарат 2013 жылы салынған - талаптар ол кезде оңайырақ болды. Тіпті жер сілкінісіне төзімділігі бойынша - ғимарат бұрын 8 балдық жүйеге сәйкес болған, қазір 10 балдық жүйе. Сумен жабдықтауға қатысты - өздеріңіз білесіздер, қалада бұл мәселелер де бар, әр жолы келісуіміз керек. Яғни, қазір бұрын ғимарат тұрған жерге де келісуге көп уақыт кетеді", - деді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, станция құрылысы мамырдан ерте басталуы мүмкін.

"Келесі жылы барлық процестерді үйлестіре аламыз, қоғамдық тыңдаулардан өтіп, мамырда құрылысты бастаймыз деп үміттенеміз, өйткені жаз өте қысқа. Бұл ғимараттың тапшылығы қазір айтарлықтай сезіліп отыр. Халыққа қызмет көрсету бойынша ғана емес, сонымен қатар операциялық бөлім бойынша да қажеттілік бар, сондықтан өзіміз ғимараттың тезірек салынуына мүдделіміз", - деп толықтырды Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети