12 мамыр 2016 15:29

Шымкент әкімі қалада жеңіл рельсті көлік жүйесін салудың қажеттілігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі © Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Бас жоспарға сәйкес келешекте қала жолдарында ЛРТ (жеңіл рельсті көлік) жүйесін салу  қажеттілігі туындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының Бас жоспарға сәйкес келешекте қала жолдарында ЛРТ (жеңіл рельсті көлік) жүйесін салу  қажеттілігі туындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы мақсатта А-2 автомобиль тас жолын, Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс айналма жолдарының құрылысы, Абай және Қонаев даңғылдарының жалғасын және қаланың Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-батыс бөліктерін байланыстыру көзделген екен. Бұл туралы қала әкімдігінде ҚР Үкіметінің "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында өткен жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов облыс басшысы Бейбіт Атамқұловтың  алдында жоспарланған жұмыстар туралы айтып өтті. 


Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. © Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қала әкімі өз баяндамасында агломерациялық процесстерді тиімді ұйымдастыруда транспорт саласының маңызы зор екендігіне тоқталып, қолданыстағы темір-жолдармен Ленгір-Шымкент, Түлкібас-Сайрам-Шымкент бағыттарына жолаушылар тасымалдауды "Электричка" (электрлі темір жол және осындай жолдың пойызы) арқылы жүзеге асыру ұсынысын айтып өтті. 


© Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

"Бұл біріншіден, қалаға кіре берісте көлік кептелісін азайтып, уақыт үнемдеуге, екіншіден, елді мекендердегі тауар өндірушілердің өнімдерін дер кезінде қала аумағына жеткізуіне ыңғайлы болмақ", - дейді әкімдіктің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети