Шымкент әкімі қаладағы бірқатар нысанды автобуспен аралап, басқарма басшыларына тиісті тапсырма берді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар нысанды автобуспен аралап, басқарма басшыларына тиісті тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар нысанды автобуспен аралап, басқарма басшыларына тиісті тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы алдымен "Шымкент сити" қалашығына барып, 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың уақытылы әрі сапалы атқарылу керегіне көңіл бөліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, қала әкімі Қажымұқан атындағы Орталық стадионға барып, спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмысының жобасымен танысты. Таскен шағынауданындағы спорт алаңшасының жоспарын көрді. Онда шаһардағы спорт нысандарының техникалық базасын нығайту жайы қозғалып, ол жергілікті дарынды жастарға үлкен қолдау әрі танылуына жол ашатыны туралы айтылды.

Келесі кезекте шаһар басшысы "Тассай" индустриалды аймағындағы "Азия Трафо" трансформатор зауытын аралап көрді. Сондай-ақ №2 Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының жөндеу жұмысымен, "Этноауыл" құрылысы жобасымен, Фосфоршылар сарайының күрделі жөндеу жұмыстарымен және Бадам өзеніндегі көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Шымкент қаласының әкімі іс-сапар аясында қарамағындағы шенеуніктердің басын қосып, қоғамдық көлікте жиналыс жасады. Қаланы автобуспен аралау барысында шаһар басшысы жол бойында кездескен мәселелерге қатысты жауаптыларға нақты тапсырма беріп отырды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жауапты басшыларға барлық құрылыс барысы қатаң бақылауында болатынын ескертіп, жұмыстардың сапалы орындалуы мен жоспарлы мерзімде аяқталуын назарында ұстайтынын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro