16 шілде 2020 13:19

Шымкент әкімдігі қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына төленген сомаға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімдігі қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына төленген сомаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент әкімдігі қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына төленген сомаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда комиссия мүшелері әрбір нақты жағдай бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Берілген бір миллион теңге төлемдерге келетін болсақ, қала әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын күтпей, қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұл қаражат "Шымкент - Қайырымды қала" әлеуметтік қорынан бөлінген болатын.

"Қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына, сондай-ақ пандемия кезінде өмірден озған баршаның отбасына қайғыра көңіл айтамыз", - деді әкімдіктегілер. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети