19 сәуір 2022 09:02

Шымкент маңында болған жантүршігерлік жол апатынан белгілі волонтер қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/hochu_domoy_2021 © instagram/hochu_domoy_2021

Кеше Шымкент маңында жантүршігерлік жол апаты болып, белгілі волонтер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Кеше Шымкент маңында жантүршігерлік жол апаты болып, белгілі волонтер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы-Шымкент тасжолында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар мінген минивэн жүк көлігімен соқтығысқан. Toyota Alphard жүргізушісі Шымкентке жақындай бергенде жол апатына ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші қашықтықты сақтамаған.

Жолаушылардың бірі жедел жәрдем көлігінің ішінде жан тапсырған, тағы алтауы аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша,  екі адам  жансақтау бөліміне жатқызылған. Біреуі алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілген. Ал көлік жүргізушісі жеңіл жарақаттанған, тек қатты есеңгіреп қалған көрінеді. Жол апатының себебін  қазір полиция анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, қайтыс болған әйел Алматыда белгілі волонтер, жануарлар құқығын қорғаушы Гауһар Серік екені анықталды. Бұл туралы еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

"Бүгін қайғылы оқиға орын алды. hvostiki_i_my парақшасының волонтеры Гауһар қайтыс болды. Жас, сұлу қыз, аяулы ана, жүрегі кең, жаны мейірімді Гауһар үш жасар кішкентай ұлын қалдырып кетті.

Гауһар көп жануардың өмірін сақтап қалған тамаша адам.  Оның арқасында жүздеген жануар өмір сүріп жатыр. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздермен бірге қайғырамыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети