Шымкент пен сегіз облыста ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент пен сегіз облыста ескерту жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

28 қарашада Шымкент пен сегіз облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.


28 қарашада Шымкент пен сегіз облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Көкшетауда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады.

28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Оралда күндіз көктайғақ күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші секундына 15-20 метр болады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +30
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +25
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +30
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +25
Тараз +34
Түркістан +19
О
Орал +28
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер