31 қазан 2020 10:54

Шымкент полициясы Желіден 50 порносайт тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Шымкент полициясы 50 порносайт анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Шымкент полициясы 50 порносайт анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

27-28 қазан аралығында Шымкентте ақпараттық технологиялар саласындағы тәртіпбұзушылықтарды тиімді анықтау үшін "Hi-tech" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

"Іс-шара барысында Шымкент криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтты анықтап, жедел бұғаттады", - делінген ресми хабарламада. 

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, Желі қолданушыларына қатысты алаяқтық жасаған жеті жағдай анықталды, олар бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, сатып алу, сату немесе пайдалану дерегі анықталды. Олар бойынша да тергеу жүріп жатыр.

Шымкент полицейлері қазақстандықтарға мынадай кеңес берді:

- ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін айтпау;
- аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеу;
- күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу;
- тексеру жүргізбей тауар алу үшін алдын ала төлем жасау;
- күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмау, ашық табыс көзі жоқ қаржы схемаларынан сақ болу;
- банкинг қызметтерінде құпиясөзді тұрақты ауыстыру және төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын пайдалану;
- өз шоттарындағы ақшаны тексеріп отыру керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети