13 қыркүйек 2023 10:18

Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: t.me/POLICE_of_KZ Сурет: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкент полициясы ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкент полициясы ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, 1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен.

"Ол жәбірленушіге “банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін” деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан. ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, ауруханадан қашып кеткен", - деп мәлімдеді полиция.

Ведомствода суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети