14 шілде 2020 20:12

Шымкентте бес отбасына жаңа баспананың кілті табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бес отбасына жаңа баспананың кілті табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкентте бес отбасына жаңа баспананың кілті табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады. Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метр.

Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілді. Үйлердің құрылысын Bi Group компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді.

Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан қала әкімі орташа жөндеуден өткен Баубақша мен Нұрсәт көшелерін аралап көрді.
Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 миллион теңге қаржы қаралған.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети