25 наурыз 2020 01:36

Шымкентте COVID-19 анықталған алғашқы адам Нұр-Сұлтаннан келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте коронавирус анықталған алғашқы науқастың жағдайы туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте коронавирус анықталған алғашқы науқастың жағдайы туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вирус жұқтырған адам 20 наурызда Нұр-Сұлтаннан келген екен. Қазіргі уақытта ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

"Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Омен байланыста болған барлық адам оқшауланды. Олардың да жағдайы қанағаттанарлық. Өмірлеріне қауіп жоқ", - деді Варзилов "Хабар 24" арнасында болған эфирде.

Сондай-ақ, ол тұрғындарды індетке байланысты бүгінге дейін қабылданған барлық қаулыға байыппен қарап, жағдайды ушықтырмауға шақырды.

"Аурудың алдын алу бойынша барлық шараны жасап жатырмыз. Жағдай бақылауда. Вирус одан әрі тарап кетпейді деп үміттенеміз", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, 24 наурызда кешке Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети