27 қазан 2023 12:13

Шымкентте ЖСШ басшысы 36 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкент Еңбекші аудандық прокуратурасы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекші ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.


Шымкент Еңбекші аудандық прокуратурасы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекші ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

"11.03.2022 жылы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің Аппараты мен ЖШС арасында "Жерлеу орындарын күтіп ұстау" бойынша келісімшарт жасалған.

Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары Әкім Аппараты пен аталған Серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 миллион теңге болатын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған.

"Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 иллион теңге болды.

Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети