1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты деректер шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған әйел адамның 1968 жылғы екені белгілі болды. Ол Абай ауданында тұрған.

20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған.

"Ауруханаға түскен кезде науқастың ауыр жағдайына байланысты тыныс алдыру аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды. 

мдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шарасы жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған барлық адамның оқшауланып, карантинге жатқызылғаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!