04 мамыр 2023 19:06

Шымкентте күшті желден ағаш құлап, көлікті басып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте күшті желден ағаш құлап, көлікті басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкентте күшті желден ағаш құлап, көлікті басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылыммәліметінше, екпіні күшті желдің салдарынан қала орталығында алып ағаш құлап, көлікті басып қалды. Құлаған ағаш көліктің жүк салғышын ғана зақымдаған.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың критерийлері бойынша қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға екпіні секундына 18 метр және одан да көп болатын желдің жылдамдығы жатады. Қазір Шымкентте желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді", - деп жазды басылым

"Азаматтарды барлық сақтық шараcын сақтауды сұраймыз. Сақ болыңыздар, кішкентай балаларды далаға шығармаңыздар", - деп хабарлады Шымкент төтенше жағдайлар департаменті.

Бұған дейін синоптиктер 4-6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған еді. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстіктегі өңірлерде шаңды дауыл соғатыны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети