16 наурыз 2022 09:23

Шымкентте мәдениет қызметкерлері басшылықтың қызметтен кетуін талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: 24.kz Сурет: 24.kz

Шымкентте мәдениет қызметкерлері наразылыққа шықты. Олар басқарма бастығы мансабынан кетсін деген талап қойып отыр. Әйтпесе өнер адамдарын қудалау мен қысым көрсету тыйылмай тұрғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


Шымкентте мәдениет қызметкерлері наразылыққа шықты. Олар басқарма бастығы мансабынан кетсін деген талап қойып отыр. Әйтпесе өнер адамдарын қудалау мен қысым көрсету тыйылмай тұрғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Мәдениет мекемесінің басшылары жұмыс орнына емес, дөңгелек үстел басына жиналды. Шаһардың руханиятын дамытуға еңбек сіңіргендер қиындыққа тап болдық деп отыр. Мәселен, айтыс ақыны Анар Жаппарқұлова кітапхана басқарамын деп басы дауға қалғанын айтады. Бар мәселе заңсыз құжатқа қол қойғызбақ болған басқарма басшысының талабын орындамағаннан басталыпты. Сол себепті қырын қарап, сотқа сүйрегенін айтады.

"Ол кісі сондай қысым жасағаннан кейін жедел жәрдеммен ауруханаға түстім. Сол ауырғаннан кейін дереу хабарладым. Өзімнің орынбасарыма, бухгалтеріме хабарладым. Олар естіді. Ауруханаға жұма күні түстім. Бірақ дүйсенбіде мен жұмыстамын, директормын деп ойлап жүрмін. Сейсенбіде бұл кісі мені артқы күнмен жұмыстан шығарып жіберді. Бұлтартпас дәлелдермен сотта жеңіп шықтым. Сотта жеңіп шыққаннан кейін бұл кісі мені жұмысқа қабылдаған жоқ. 3 айлық жалақысы дереу орындалсын дегенді орындаған жоқ. Екі айдан кейін қайта қабылдандым", - деді қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова.

Мәдениет саласының қызметкерлері күнде қысым көреміз деп ашынып отыр. Қала аумағында өткізілетін іс-шараларға қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ біз бір тиын да алмаймыз, дейді олар.

"Осыдан 3-4 жыл бұрын-ақ іс-шара өткен кездерде ондай қаржы бөлінбейтін. Бір спектакльге 70 миллион теңге, дейді. Аң-таң қалдым. Бір байқауды өткізуге 30 миллион дейді. Бір іс-шараны өткізуге, МузАртты шақыруға 30 миллион дейді. Содан кейін барлық жасалған келісімшарт бір көзден деген нәрсені оқып қалдым. Сосын шындығында да, ойланып қалдым", - дейді ҚР мәдениет қайраткері Бастарбек Пірімбетов.

Ал басқарма басшысының өзі қызметкерлерінің арыз-шағымын негізсіз деп отыр. Жұмыстан ешкімді де себепсіз шығармағанын айтады. Ал бюджет қаржысының қайда жұмсалғанын тиынына дейін есептеп беруге дайын екенін айтты.

"2020 жылдан бері барлығы бес мекеменің басшысы жұмысынан босатылды. Олардың бірі жасы жетіп, зейнеткерлікке шықты. Енді бірі жұмыс орнында масаң халде болып, жұмыстан шығарылды. Тағы бір директор өз меншігіндегі үйіне барлық қызметкерлерін апарып, жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін қуылды", - дейді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

Телеарна тілшісінің сөзінше, енді мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеменің басшылары алған бетімізден қайтпаймыз деп бекініп отыр. Мемлекет басшысының атына ашық хат жолдап, оны Бас прокуратура мен Антикорға да өткізген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети