14 мамыр 2022 17:38

Шымкентте тергеу изоляторынан күдікті қашып кеткені үшін 17 қызметкер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Шымкент қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 17 қызметкері тергеу изоляторынан адам қашып кеткені үшін жазаға тартылды. Тағы біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан кедергісіз қашып кеткен болатын.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Қылмыстық-түзеу жүйесі департаментіндегі оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Оның барысында қызметтік міндеттерін бұзған 17 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл деректі растады.

Еске салайық, оқиға 11 мамырда Шымкенттегі тергеу изоляторында болды. Күдікті бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген еді, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деген айып тағылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети