05 сәуір 2020 17:57

Шымкенттегі ауруханада 274 адам карантинде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы 274 адам ауруханада карантинде жатқанын мәлімеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы 274 адам ауруханада карантинде жатқанын мәлімеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тіркелген 14 науқаспен байланыста болған 327 адам анықталды, оның 177-сі жақын араласқан. Стациоарларда карантинде 274 адам, үй карантинінде 53 адам жатыр. Стационарда жатқандардың денсаулығы қанағаттанарлық", - деді Шымкенттің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбдіманап Түлебаев.  

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген. Бұл - Қазақстандағы коронавирус індетінен болған алтыншы өлім жағдайы. Ал жалпы COVID-19 жұқтырғандардың саны - 569.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында - 115 адам, Қарағанды облысында - 31 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 23 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 31 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 29 адам, Қостанай облысында - 1 адам анықталды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети