Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шымкенттегі жарылыс: қайтыс болған күзетшінің артында жүкті әйелі қалды 22 мамыр 2022, 12:20

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жарылыс кезінде қаза тапқан адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жарылыс кезінде қаза тапқан адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының бас дәрігері жарылыс кезінде қаза тапқан адамдар туралы толық айтып берді. Оқиға орнында көз жұмған перзентхананың күзетшісі Ж.Бүркітбаев 1979 жылы туған. Оның туыстарының айтуынша,  ол үш ай бұрын үйленген. Бүркітбаевтың артында жүкті әйелі қалды. Түркістан облысының әкімдігі барлық шығындарды және материалдық өтемақыны өздері көтергенін білдірді. Қанша қаржы бөлінгені туралы ақпарат айтылмады. 

"Біз бірден қаза болған күзетшінің туыстарына бардық, өйткені ол біздің жұмысшымыз. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін барлық қызметкерлер сақтандырылған, ол жұмыс орнында қаза тапты, енді сақтандыру компаниясы нақты төлемдермен айналысатын болады. Оның несиесі бар, біз оны жабуға көмектесеміз. Кеше туыстарына мұның бәрі айтылды. Түркістан облысының әкімдігі бұл жағдайды өз қадағалауына алады.

Екінші қайтыс болған адам - "АвтоРемСтрой" құрылыс компаниясының қызметкері. Ш. Шомуратов 1980 жылы туған, жарылыс кезінде перзентханада құрылыс жұмыстарын жүргізген. Ол облыстық клиникалық ауруханаға (ОКБ) жатқызылған, бірақ жарақаты тым ауыр болды, оны құтқару мүмкін болмады. Жұмыс беруші жерлеуге қатысты барлық шығындарды  өз мойнына алды", - деді Пашимов.

Бұған дейін жарылыстан кейін пәтерінен, көлігінен және гаражынан айырылған шымкенттік туралы жазғанбыз

Еске салайық, кеше Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Жарылыстан қаза тапқандар саны үшеуге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram