30 қаңтар 2014 18:58

Шыршамен бірге өртенген көліктердің шығыны өтелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зардап шеккен көліктер. ©Әлішер Ахметов Зардап шеккен көліктер. ©Әлішер Ахметов

Алматыда "Атакент" маңындағы шырша өртенген кезде зардап шеккен көлік иелеріне өтемақы төленді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Шығын талап еткендердің бәріне бағалау нәтижесіне сәйкес ақша төленді. Бағалау "Атакент" кәсіпорны мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жүргізілді. Менің көлігімнің күйіп кеткен бояуы мен пластмасса бөлшектерін ауыстыру керек болатын. Бағалауға ризамын, екі адам өтініш білдірген едік, бізге жеткілікті деңгейде қаржы төледі. Олар, әрине, бұған бірден келіспеді, бірақ кейін бәрін салмақтап көрген болуы керек", - дейді көлігі зардап шеккендердің бірі Тимур Тезекбаев. Ал "Атакент" көрме кешенінің қызметкерлері болса, оқиғаға кінәлі болмасақ та, өтемақы төлегенін айтып отыр. "Бұл жағдайда "Атакенттің" кінәсі жоқ еді, бірақ біз ешкім ренжімесін деп, көмектесуді ұйғардық. Машиналарды жөндеп бердік, бастапқы қалпына келтірдік. Қалған адамдар машинаны тыйым салған жерге қойғандарын мойындап, сабырлы түрде кетіп қалды, ешқандай кінә артпады. Бәрі бейбіт жолмен шешілді. Өтемақы төленген машиналар айтарлықтай зақымданған болатын. Төленген соманы айта алмаймын - бұл компанияның ішкі мәселесі", - деді көрме кешенінің баспасөз қызметкері. Еске сала кетейік, көрме орталығының алдындағы жаңажылдық шырша өткен жылдың 11 желтоқсанында өртеніп кеткен болатын. Оның бейнесін мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети