13 шілде 2016 13:37

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Синоптиктер 2016 жылдың 14-16 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылдың 14-16 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша алдағы үш тәулікте қазақстанның солтүстік бөлігінің ауа райына циклонның әсері тиеді. Онымен жаңбыр, жекелеген аудандарда бұршақ, температура әдеттегіден 1-3 градусқа төмен болады екен. "Респуликамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары, циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Шығыс жаққа ығысқан олар кей жерлерге найзағайлы, өткінші жаңбыр әкеледі, аптап ыстықтың беті қайтқанымен температура климаттық нормадан әлі де жоғары болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Ал батыста ғана жауын-шашынсыз және өте ыстық болады деп күтіліп отыр. Термометрдің күндізгі көрсеткіші 30-38 градус ыстықты көрсетеді, кей жерлерде 41 градус аптапқа жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети