15 ақпан 2016 11:39

Синоптиктер таяу күндері ауа райының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Таяу күндері еліміздің ауа райы тосын мінез танытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Таяу күндері еліміздің ауа райы тосын мінез танытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына орнаған антициклон Алтайға жылжиды. Осыған байланысты еліміздің батыс және солтүстік-батысында күн ала бұлтты және жауын-шашынды болады.

"Бұл өңірлердің кей жерінде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді және көктайғақ болады. Ал Қазақстанның өзге аумағында күн ашық болғанымен, көру мүмкіндігін төмендететін тұман түсуі мүмкін", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде 28-33 градус аяз сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети