27 мамыр 2018 14:50

Синоптиктер үсікке байланысты ескерту жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© molbuk.ua © molbuk.ua

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, 28 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан соққан жел, онтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20, басым бөлігінде күндіз 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

"Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, Астанада 28 мамырда түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз солтүстік-батыстан соққан жел, онтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Щучинск қаласында қар жауғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети