28 мамыр 2022 15:35

СҚО-да 24 жастағы жігіт жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: СҚО полициясы Фото: СҚО полициясы

СҚО полицейлері 24 жасағы жігітті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


СҚО полицейлері 24 жасағы жігітті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 мамырда Айыртау ауданының полиция бөліміне 24 жастағы Зарва Анатолий Николаевич 15 мамырда таңертең Саумалкөл аудан орталығындағы үйінен кетіп, оралмағаны туралы арыз түсті. Жігітті полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жанашыр адамдар іздестіріп жатыр. 

Анатолий Зарваның белгілері: бойы 190-192 см, денесі мығым, шашы қоңыр, қысқа. Киімі: қара көк күртеше, қара жасыл футболка, көк джинс, қара кроссовка.

"Анатолий туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар мына телефон нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (715)-33-2-18-06, 8 (715)-33-2-17-50, 8(775) 448-75-83 немесе 102 арнаға", - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.

Мәлімет бойынша, СҚО полициясына жыл басынан бері адам жоғалғаны туралы 142 арыз түсті, оның 140-ы табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети