13 қазан 2020 11:08

СҚО-да алты блокбекет қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cолтүстік Қазақстан облысындағы екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.


Cолтүстік Қазақстан облысындағы екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің мамандарымен, дәрігерлер мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп блокпостарда кезекшілік етіп жатыр.

"Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында блокбекеттер 9 қазаннан бастап қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден төрт блокпосттың қызметкерлері бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында екі блокбекет тұр. Олар 12 қазан күні сағат 00.00-ден бастап жұмыс істей бастады", - делінген хабарламада.

Сондай - ақ, полиция қызметкерлері Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылын патрульдеуді күшейткені айтылады.

Полицейлер көшелердегі қоғамдық тәртіпті қадағалап, ауыл тұрғындарына карантин шараларын сақтауды ескертеді: масканы дұрыс тағу мен әлеуметтік қашықты сақтау.

Еске салайық, 9 қазаннан бастап Булаев қаласы қатаң карантинге жабылды. Ал 11 қазанда СҚО-ның тағы бір елді мекені Есіл ауданының Явленка ауылы карантинге жабылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети