22 желтоқсан 2020 09:26

СҚО-дағы алты ауыл карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданындағы алты елді мекенде карантин енгізді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданындағы алты елді мекенде карантин енгізді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Дереккөз мәліметінше, бұл шектеулер  коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін енгізілді.

Өңірдің мемлекеттік санитар дәрігері Арман Кушбасовтың айтуынша, Есіл ауданында төрт ауыл жабылды: Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка. Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда орналасқан Таман ауылында және Булаевода карантин енгізілді.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және коронавирус жұқтырғандар санының азаюына байланысты Уәлиханов ауданының Кішкенекөл, Ақбұлақ, Қызылжар ауданының Бескөл, М.Жұмабаев атындағы ауданның Успенка, Тайынша және Петропавл ауылдарында карантин алып тасталғаны айтылады.

Кушбасовтың айтуынша, өңірде карантинді күшейту жоспарда жоқ.

"Облыс" сары " аймақта орналасқан, 14 желтоқсаннан бастап карантин кішкене жеңілдетілді. Бірақ бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Әлеуметтік желілерде 25 желтоқсаннан бастап Петропавл қаласын жабады деген қауесет тарап жатыр, қазіргі уақытта біз мұны жоспарламаймыз. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда локдаун тек демалыс күндері енгізіледі", - деді санитар дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети