24 қазан 2021 16:22

СҚО-дағы мекеменің 1 теңгеге сатылуы: әкімдік пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © pkzsk.info Фото: © pkzsk.info

Әкімдік өкілдері мемлекеттік мекеме бір теңгеге сатылымға қойылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО Мамлют ауданының әкімдігіне сілтеме жасап. 


Әкімдік өкілдері мемлекеттік мекеме бір теңгеге сатылымға қойылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО Мамлют ауданының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Әкімдік мәліметінше, "Мамлютское 1" ЖШС Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

"Asia Consalting" ЖШС жүргізген зерттеу нәтижесінде бағалау күніне "Мамлютское 1" ЖШС активтерінің құны теріс екені, яғни кәсіпорынның берешегі негізгі құралдардың нарықтық құнынан және шоттар мен кассадағы ақша сомасынан асып түсетіні анықталды. Осылайша, барлық негізгі құралдың нарықтық құны - 11,8 миллион теңге, қысқа мерзімді дебиторлық берешек - 10,4 миллион теңге, ал қысқа мерзімді кредиторлық берешек - 29,3 миллион теңге", - деді әкімдік өкілдері.

"Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 97-бабы 1-бөлігінің 4-тармақшасына сәйкес, сатып алушы мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген кәсіпорынның азаматтық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып саналады. Бағалау объектісі құрылтайшының үлесі.

"Бағалау объектісі талап ету құқығы болғандықтан, активтердің теріс нарықтық құны кәсіпорынның құрылтайшының алдындағы міндеттемелері бойынша төлеуге ештеңесі жоқ екенін көрсетеді. Ал ЖШС құрылтайшысы заңнама бойынша кәсіпорынның қарыздары бойынша жауап бермейді, яғни талаптардың нарықтық құны теріс бола алмайды. Осылайша, бағалау объектісінің нарықтық құны Бағалау күніндегі жағдай бойынша таза активтер әдісімен айқындалған нөлдік болып табылады. Осының негізінде бағалаушы бағалау объектісінің нарықтық құнын шартты түрде бір теңге деп бағалады",- делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін СҚО-дағы мемлекеттік мекеме бір теңгеге сатылымға қойылғаны хабарланған болатын. Мекемені сату бойынша сауда-саттық 4 қарашада өтеді. "Мамлютское 1" ЖШС-інде ғимараттар, автокөлік пен тұрмыстық техника болған. Оның бәрі мекеменің қарызы болғандықтан бір теңгеге бағаланған. Аукциондағы старттық баға 100 теңге. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети