08 сәуір 2024 09:21

СҚО-дағы су қоймасында су деңгейі тарихи максимумнан асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ instagram/skopetro ©️ instagram/skopetro

7 сәуірде кешкі сағат сегіздегі жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 175 пайыз болған (көлемі - 1213 миллион текше метр), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news порталына сілтеме жасап.

Су қоймасының деңгейі 1190 сантиметр (шегі – 800). Бөгет төбесінен асып кету 390 сантиметр (соңғы 12 сағатта 55 сантиметр).

Бұл 2017 жылғы тарихи максимумнан 52 сантиметрге артық, бөгеттен асып кету 338 сантимет болған, мұндай Сергеев су қоймасы пайдалануға берілгеннен бері, яғни 1968 жылдан бері байқалмаған.

Сергеев су электр кешенінен жоғары қарай Есіл салаларының суы күрт азая бастаған. Бұл су тасқыны шегінің сенімді белгісі, деп түсіндіреді басылым. Сондай-ақ, Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуі жексенбі түстен кейін айтарлықтай баяулаған.

"Енді Сергеев су қоймасы бөгетінің төменгі жағындағы елді мекендер үшін де, ірі көлдер маңындағы ауылдар үшін де қауіпті кезең басталады: Үлкен Тораңғыл оянады", - делінген мақалада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети